«Ұлт рухының үш тағаны-Мемлекеттік рәміздер» библиошар ұйымдастырылды.
4 маусым күні Бірлікүстем ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Ұлт рухының үш тағаны-Мемлекеттік рәміздер» библиошар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітапханашы Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, маңызы жайлы, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы үшін елімізде Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеу біздің парызымыз деп атап өтті.
Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқырмандарды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.




