«Еліміздің нышаны – Рәміздерім» атты ақпарат алаңы өткізілді.

3 маусым күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Еліміздің нышаны – Рәміздерім» атты ақпарат алаңы өткізілді. Шара барысында қатысушылар рәміздердің шығу тарихымен, олардың авторларымен және мағыналық ерекшеліктерімен танысты. Кітапханашы мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, қастерлеу және оларды мақтан тұту – әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы екенін атап өтті.