«Мәңгілік елдің елтаңбасы» ақпараттық коллаж ұйымдастырып өткізді.
3 маусым күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері ҚР Мемлекеттік Рәміздері күніне орай «Мәңгілік елдің елтаңбасы» ақпараттық коллаж ұйымдастырып өткізді. Елдік пен бірліктің, тәуелсіздік пен тұтастықтың нышаны саналатын Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұранға деген құрметті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада оқушылар Мемлекеттік Әнұранды орындап, патриоттық рухқа бөленіп, ел тарихы мен рәміздердің мән – маңызы туралы тың мәліметтермен, мемлекеттік рәміздердің шығу тарихымен, авторларымен, олардың әрбір элементінің терең мағынасымен жан – жақты танысты. Оқушылар патриоттық өлеңдер оқыды.





