«Бала – деген бір бақыт» кітапханалық бульвар өтті.

1 маусым күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала – деген бір бақыт» кітапханалық бульвар өтті.

Іс-шара барысында балалар түрлі қызықты кітаптармен таныстырылып, олардың мазмұны мен тәрбиелік мәні туралы ақпарат берілді. Шараның мақсаты: жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру және бақытты балалық шақтың маңызын насихаттау.

Кітапханалық бульвар барысында балалар белсенді қатысып, өздерінің білімдері мен өнерлерін көрсетті. Шара соңында балалар бала тәрбиесі, білім және достық туралы мақал-мәтелдер айтып, мерекелік көңіл күймен тарқасты. Іс-шара бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды.