«Бала әлемі – шуақ әлемі» атты флешмоб өткізілді.
1 маусым күні Белбасар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала әлемі – шуақ әлемі» атты флешмоб өткізілді.
Шараның мақсаты: балалардың жарқын болашағы мен бақытты балалық шағын насихаттау, олардың бойындағы достық, татулық және өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Флешмоб барысында қатысушылар көңілді әуен ырғағымен би билеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балалар белсенділік танытып, өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті



