«Бақытты бала – жарқын болашақ» атты сурет салу байқауы өткізілді.
1 маусым күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкері мен мектеп кітапханашысымен бірлесіп ұйымдастырылған 1 маусым -Балаларды қорғау күніне орай «Бақытты бала – жарқын болашақ» атты сурет салу байқауы өткізілді.
Мақсаты: жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялын ұштау, өнерге деген қызығушылығын арттыру және бақытты балалық шақтың маңызын насихаттау болды.
Шара соңында балаларға балмұздақтар табысталып, жас суретшілердің талантын шыңдауға мүмкіндік беріп, олардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға ықпал етті.




