«Бала деген бір бақыт» кітапханалық бульварь өткізілді.

1 маусым күні 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Бала деген бір бақыт» кітапханалық бульварь өткізілді. Кітапханашы бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, кітап көрмесіндегі жаңа кітаптармен таныстырды. Кітапханаға келген жас оқырмандардың ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында кітапханашы балаларға балмұздақтар үлестіріп, жазғы демалыста кітап оқуға шақырды.