«Балдәурен, шіркін, балалық!» сурет салу өткізді.
1 маусым күні №2 Шу қалалық кітапханасының қызметкерлері 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балдәурен, шіркін, балалық!» сурет салу өткізді.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер өздерінің шығармашылық қабілеттерін, қиялдары мен өнерге деген қызығушылықтарын көрсетті. Әрбір бала түрлі-түсті суреттер арқылы бақытты балалық шақтың бейнесін салып, белсенділік танытты.


