«Ынтымақ пен достық – ұлт қазынасы» атты флешмоб өтті.
1 маусым күні Тасөткел ауылдық кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ынтымақ пен достық – ұлт қазынасы» атты флешмоб өтті.
Іс-шараның мақсаты: балалардың құқықтарын қорғау, олардың бақытты балалық шағын насихаттау, достық пен татулыққа тәрбиелеу. Балаларды қорғау күні – жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін ерекше мереке. Бұл күн 1950 жылдан бері әлемнің көптеген елдерінде аталып өтіп келеді.


