«Мен өмірдің гүлімін» бук травел өткізілді.
1 маусым күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Мен өмірдің гүлімін» бук травел өткізілді.
Домалақ ене орта мектебінің жанынан құрылған «Балдәурен» жаздық лагерінің демалушы балаларымен өткізілген бұл іс-шара барысында кітапханашы осы күннің балалардың шат күлкісі мен қуанышына арналған ерекше мереке екендігі туралы, бұл күн мектептерде, балабақшаларда және түрлі білім беру ұйымдарында кеңінен аталып өтетіндігін айтып өтті.Қатысушылар кітапханадағы балалар кітаптарына саяхаттады.




