«Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты еске алу сағаты өтті.

29 мамыр күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты еске алу сағаты өтті.

Шараның мақсаты:жас ұрпаққа тарихымыздың қасіретті беттерін таныту, ел тәуелсіздігінің қадірін ұғындыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушылар тарихи деректермен танысып, тағылымды ой-пікірлерімен бөлісті.