«Қазақ прозасының көрнекті тұлғасы» атты тарих сағаты өтті.
28 мамыр күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінде әйел әлемін, адам сезімінің терең иірімдерін шебер бейнелеген көрнекті қаламгер, жазушы Шәрбану Құмарованың 90 жылдығына орай «Қазақ прозасының көрнекті тұлғасы» атты тарих сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқырмандарға Шәрбану Құмарованың өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылды. Жазушы 1936 жылы Алматы облысы, Есік қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Шәрбану Құмарова қазақ прозасында әйел тағдырын, жастар өмірін, адам жанының нәзік сезімдері мен ішкі толғанысын шынайы суреттеген қаламгерлердің бірі. Оның шығармалары арқылы оқырмандар адамгершілік, мейірім, махаббат пен өмірдің түрлі қырлары жайлы терең мағлұмат алды.
Тарих сағаты барысында жазушының шығармалары насихатталып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар қаламгердің әдеби мұрасы туралы ой бөлісіп, әсерлерімен алмасты.


