«Жаны саудың – тәні сау» атты танымдық сағат өткізілді.

26 мамыр күні Белбасар ауылдық кітапханасында

«Жаны саудың – тәні сау» атты танымдық сағат өткізілді. Оқырмандарға денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа және тазалыққа баулу. Іс-шара барысында денсаулық туралы нақыл сөздер айтылып, танымдық мәліметтер берілді. Оқырмандарға сұрақ-жауап, мақал-мәтелдер арқылы өз ойларын ортаға салды.Танымдық сағаты оқырмандарға денсаулықты күтуге, жаман әдеттерден аулақ болуға және сергек өмір сүруге тәрбиелеуге бағытталды.