«Біз табиғат аясында» тақырыбында оқушылармен таза ауада саяхат сағаты ұйымдастырылды.
25 мамыр күні Көкқайнар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Біз табиғат аясында» тақырыбында оқушылармен таза ауада саяхат сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар табиғат аясында серуендеп, қызықты ойындар ойнап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсерлі сәттерге куә болды. Сонымен қатар кітапханашы балалардың жазғы демалысын пайдалы өткізу мақсатында қызықты кітаптарды оқуға ұсынды.
Атап айтқанда, оқушыларға «Джунгли», «Құстар тілі», «Ақылды піл», «Он екі биші ханшайым», «Мұңлық-Зарлық», «Күлмес ханша» кітаптары таныстырылып, олардың мазмұны жайлы қысқаша ақпарат берілді. Шара соңында балалар жазғы демалыс кезінде кітапханаға келіп, кітап оқуға шақырылды.



