«Ақындардың асқар Алатауы» буктрейлер өткізілді.
22 мамыр күні «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен жыр дүлдүлі, ғасыр ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Ақындардың асқар Алатауы» буктрейлер өткізілді.
Іс-шараны кітапханашы жыраудың өмірбаянымен бастап, балаларға қысқаша баяндап берді. Оқырмандар поэзия әлеміне саяхат жасап, жыр маржандарымен сусындап, ақын жүрегінің терең сырларына үңілді.
«Жыр алыбы-Жамбыл» тақырыбында кітап көрмесімен таныстырылды.


