«Өмірі – өнері» әдеби кеш өткізілді.

22 мамыр күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың белгілі ақыны, әнші, термеші, композиторы Аяз Бетбаев шығармашылығын насихаттау мақсатында «Өмірі – өнері» әдеби кеш өткізілді.

⚜️Іс-шара барысында өнер иесінің өмір жолы, шығармашылық мұрасы мен мәдениет саласына қосқан үлесі туралы кеңінен мәлімет берілді. Ақынның өлеңдері оқылып, жыр-термелері мен әндері орындалды. Қатысушылар Аяз Бетбаевтың ұлттық өнерді дамытудағы еңбегімен танысып, оның шығармаларының тәрбиелік мәніне тоқталды.