«Оқитын ұрпақ – озық ұлт» тақырыбында семинар өтті.

20 мамыр күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияда «Оқитын ұрпақ – озық ұлт» тақырыбында семинар өтті.

⚜️Іс-шара барысында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақтың рухани дамуы мен оқырмандық белсенділігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

⚜️Семинарда Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директоры Б. Алжанбаева баяндама жасап, кітаптың қоғамдағы орны мен оқудың маңыздылығы туралы мазмұнды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, кітапхана мен білім беру ұйымдарының бірлескен жұмысы, оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттыру бағытындағы жобалар сөз болды.

⚜️Шара қатысушыларға рухани азық беріп, кітап оқуды насихаттаудың маңызын айқындаған тағылымды кездесу болды.