«Роман арқылы сөйлеген ұлт тарихы» тич-ин ұйымдастырылды.
19 мамыр күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында «Бір ел бір кітап-2026» республикалық акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығына арналған «Роман арқылы сөйлеген ұлт тарихы» тич-ин ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмір жолымен танысып, «Тағдыр» шығармасының мазмұны жайлы мағлұмат алды. Сонымен қатар, кітаптың негізгі идеясы ел бірлігі, туған жерге деген сүйіспеншілік, халық тағдыры туралы түсініктер берілді.
Балалар танымдық сұрақ-жауап ойындарына қатысып, өз ойларын ортаға салып, шығармашылық тапсырмалар орындады. Шара жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байытуға бағытталды.


