«Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым» тәрбие сағаты өтті.

19 мамыр күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым» тәрбие сағаты өтті.

Кеш барысында қатысушылар қазақ халқының тұрмыс-салт дәстүрлері, соның ішінде бесікке салу, тұсау кесу, қыз ұзату, беташар секілді дәстүрлер туралы мағлұмат алып, ұлттық өнер мен мәдениет жайында ой бөлісті. Сонымен қатар мақал-мәтелдер айтылып, ұлттық ойындар ойнатылып, ән мен күй орындалды.