«Өмірін өнермен өрнектеген» атты ақпарат сағаты өткізілді.
14 мамыр күні №2 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен Майра Айманова туғанына 90 жыл толуына орай «Өмірін өнермен өрнектеген» атты ақпарат сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:оқушыларға Майра Айманованың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, қазақ өнері мен мәдениетіне қосқан зор үлесін насихаттау, әншілік және актерлік өнері арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ жас ұрпақтың өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.
Шара барысында кітапханашы өнер иесінің шығармашылық жолы, сахнадағы жетістіктері мен қазақ мәдениетін дамытудағы еңбегі туралы кеңінен мағлұмат берді. Сонымен қатар, қатысушыларға әнші әрі актриса ретінде халық жүрегінен орын алған өнер туындылары таныстырылып, өмір жолынан қызықты деректер айтылды.


