«Еңбек түбі – береке» тақырыбында викториналық сайыс өткізді.
13 мамыр күні №2 Шу қалалық кітапханасының қызметкерлері Жақсылық Үшкемпіровтің 75 жылдық мерейтойына орай «Еңбек түбі – береке» тақырыбында викториналық сайыс өткізді.
Іс-шараның мақсаты:қазақ халқының мақтанышы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің өмір жолы мен спорттағы жетістіктерін насихаттау арқылы оқырмандарға патриоттық тәрбие беру. Сонымен қатар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортты сүюге, табандылық пен еңбекқорлыққа баулу, елін-жерін құрметтеуге тәрбиелеу болды.



