«Ұлт руханиятының жанашыры – Шәрбану Құмарова» атты әдеби әңгіме өткізілді.
12 мамыр күні №1 Шу қалалық кітапханасының қызметкерінің ұйымдастыруымен Төле би атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен көрнекті қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Шәрбану Құмарованың 90 жылдығына орай «Ұлт руханиятының жанашыры – Шәрбану Құмарова» атты әдеби әңгіме өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы кеңінен таныстырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, ой-өрісін дамытуға бағытталған мағлұматтар берді. Сонымен қатар, жас оқырмандарды еңбекқорлыққа баулу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында қаламгердің өнегелі өмірі мен шығармашылығы насихатталды.



