«Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» кітап талқылау ұйымдастырып өткізді.
12 мамыр күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қ.Жұмаділовтың 90 жылдық мерейтойына орай «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» кітап талқылау ұйымдастырып өткізді.
Аталған шарада қаламгердің акция аясында таңдалынған «Тағдыр» романы талқыланып, қатысушылар кітаптың мазмұнына тоқталып, негізгі кейіпкерлерге талдау жасап, шығармадағы басты идея мен тәрбиелік мәні жөнінде өз пікірлерін ортаға салды. Талқылау оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ой бөлісу алаңына айналды.





