«Жеңіс жалауы желбіре» атты патриоттық кеш өтті.

8 мамыр күні Белбасар ауылдық кітапханасында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Жеңіс жалауы желбіре» атты патриоттық кеш өтті. Шараның мақсаты:жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін насихаттау, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру.

Іс-шара барысында елін, жерін қорғаған батырларға құрмет көрсетіліп, олардың ерлігі мен өнегелі өмір жолы кеңінен насихатталды.