«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты әдеби кеш өткізілді.

8 мамыр күні Абай ауылы ауылдық кітапханасында 9 мамыр –Ұлы Жеңіскүніне орай «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жас ұрпаққа Отанды сүюді насихаттау, елін қорғаған батырлардың ерлігін дәріптеу, патриоттық тәрбие беру және тарихи жадымызды жаңғырту.

Әдеби кеш барысында ардагерлері мен ел қорғаған батырлар туралы тағылымды мәліметтер айтылып, ерлікке арналған өлеңдер оқылды. Сонымен қатар қатысушылар арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, патриоттық әндер шырқалды. Кітап көрмесі таныстырылып, батырлар туралы әдебиеттерге шолу жасалды.