«Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты еске алу кеші өтті.
8 мамыр күні Көктөбе ауылы ауылдық кітапханасында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты еске алу кеші өтті.
Шара Отанымыздың болашағы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған әкелеріміз бен аталарымызды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
Іс-шара барысында кітапханашы ауылымыздан Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер туралы мағлұмат беріп, олардың ерлік жолдары жайында әңгімеледі. Сонымен қатар оқырмандарға соғыс жылдары мен батырлар ерлігіне арналған кітап көрмесі таныстырылып, насихатталды.




