«Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» атты еске алу кеші өтті.
8 мамыр күні Тасөткел ауылдық кітапханасында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесіне орай «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» атты еске алу кеші өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы қаһарман жазушылардың шығармаларын оқырмандар назарына ұсынып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға-апаларымыздың бастан кешкен қиындықтары туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, жас буынды Отанын сүюге, тарихты ұмытпауға және кітап оқуға шақырды.


