“Тағдыр” романы» атты блиц-сұрақтар сайысы өтті.
8 мамыр күні №2 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы жалпы оқуға таңдалуына орай «Қазақ халқының тарихи сынағы – “Тағдыр” романы» атты блиц-сұрақтар сайысы өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, «Тағдыр» романының мазмұнына тоқталды. Оқушылар шығарма арқылы туған жерден жырақта қалған халықтың тағдыры, елге деген сағыныш пен рухани беріктік туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, бас кейіпкер Демежан бейнесі арқылы қазақ халқының күрделі тағдыры мен еркіндікке ұмтылысы суреттелетіні айтылды.



