«Ерлік мәңгі өшпейді» атты патриоттық кеш өткізілді.

8 мамыр күні №1 Шу қалалық кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Төле би атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен Ұлы Жеңіс күніне орай «Ерлік мәңгі өшпейді» атты патриоттық кеш өткізілді.

Іс-шара барысында Ұлы Жеңіске жеткен батыр бабалардың ерлігі дәріптеліп, сұрапыл соғыс жылдарындағы қанды майдан тарихы кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, қазақстандық батыр ардагерлердің өмір жолы мен ерліктері туралы мәліметтер беріліп, оқушылар Жеңіс тақырыбындағы өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды.

Кеш аясында «Ұлы Жеңіс жасасын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге қойылған кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.