«Жарқын жеңістің жалауы» атты буктрейлер өтті.

8 мамыр күні Сауытбек ауылдық кітапханасында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесіне орай «Жарқын жеңістің жалауы» атты буктрейлер өтті. Кітапханашы Г. Жанабаева іс-шара барысында Қаһарман жазушылардың кітаптары туралы оқырмандар назарына ұсынды. Оқырмандарға Ұлы Отан соғысы кезіндегі аға-апаларымыздың бастан кешкен қиындықтары туралы айта келе, келешек жас буынды Отанын сүюге, тарихты ұмытпауға және кітап оқуға шақырды.

Мақсаты: Өзінің тарихи тамырына деген қызығушылықты ояту, Отанға деген саналы сүйіспеншілікті, Ұлы Отан соғысы жылдарында ерліктеріне белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.