«Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» патриоттық сағат ұйымдастырып өткізді.
6 мамыр күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Отан қорғаушылар күніне орай «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» патриоттық сағат ұйымдастырып өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихы, ел қорғаны болған батырлар мен қазіргі әскери қызметшілердің ерлігі туралы мағлұмат беріліп, қатысушылар «Ән сал, сарбаз» әнін орындады.
Мақсаты: Жас ұрпақты Отанды сүюге, құрметтеуге, ел тыныштығын сақтауға дайын болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар, оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, патриоттық рухын көтеруге ықпал ету.



