«Қазақ өнерінің жанашыры» сыр кеші өтті.
5 мамыр күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында «Облыстық жазушымен бір күн» кітапханалық жобасы аясында композитор, өнер зерттеушісі, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақановтың 90 жылдық мерейтойына орай «Қазақ өнерінің жанашыры» сыр кеші өтті.
Іс-шара барысында Ілия Жақановтың қазақ музыка өнеріне қосқан өлшеусіз үлесі, жүрекке жетер сырлы әндері арқылы халық ықыласына бөленген дара тұлға екені кеңінен айтылды. Сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылығы насихатталып, жас ұрпаққа өнер мен руханият құндылықтары дәріптелді.



