«Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында шашки мен шахматтан оқырмандар арасында достық ойын өтті.

5 мамыр күні Кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында шашки мен шахматтан оқырмандар арасында достық ойын өтті.

Шараның мақсаты: ерекше қажеттілігі бар азаматтарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау, олардың белсенділігін арттырып, өзара достық қарым-қатынасты нығайту болды. Қатысушылар зияткерлік ойындар арқылы өз шеберліктерін көрсетіп, қызықты әрі тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Іс-шара соңында ОКЖ директоры Б. Алжанбаева қатысушыларға алғыс білдіріп, арнайы сый-сияпаттар табыстады.