«Ер елінің қорғаны» тақырыбында отаншылдық сағаты өтті.
5 мамыр күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Ер елінің қорғаны» тақырыбында отаншылдық сағаты өтті. Іс-шара барысында кітапханашы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы мағлұмат бере отырып ұлтжандылық қасиеттерді дәріптеді. Оқырмандар өз ойларын айтып, елін қорғаушы жауынгерлердің ерліктері туралы әңгімелерімен бөлісті.


