«Желбіре, Жеңіс жалауы» көрме өткізілді.

4 мамыр күні №2 қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Темір жол» колледжінің білімгерлерінің қатысуымен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Желбіре, Жеңіс жалауы» көрме өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қиыншылықтар мен халық басынан өткен қасіреттер туралы айтып, тарихи деректермен бөлісті. Сонымен қатар Кеңес Одағының Батыры атағын алған Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова және Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерліктеріне шолу жасалды.