«Күреске іңкәр батыр» ақпараттық тайм ұйымдастырып өткізді.
4 мамыр күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері Ж.Үшкемпіровтың 75 жылдық мерейтойына орай «Күреске іңкәр батыр» ақпараттық тайм ұйымдастырып өткізді. Іс-шара барысында олимпиада чемпионының өмір жолы, спорттағы жетістіктері, ауылдың қарапайым баласынан Олимп шыңын бағындырған жұлдызды сәтіне дейін кездескен қиындықтары мен еңсерген белестері баяндалды.




