«Еліміздің бойтұмары – ел бірлігі» танымдық сағат өтті.
30 сәуір күні Алға ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Еліміздің бойтұмары – ел бірлігі» танымдық сағат өтті.
Шара барысында кітапханашы татулық пен достықтың қоғамдағы маңызына тоқталып, «Еліміздің бойтұмары – ел бірлігі» екенін атап өтті. Бірлігі жарасқан халық қана биік белестерді бағындырып, жарқын болашаққа сеніммен қадам басады. «Ынтымақ бар жерде – ырыс бар» деген даналық сөздің мәні кеңінен түсіндірілді.



