«Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» атты танымдық әңгіме өткізілді.
30 сәуір күні Абай ауылдық кітапханасында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының достығы күніне орай «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» атты танымдық әңгіме өткізілді.
Танымдық әңгіме барысында қатысушыларға еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихы, кең байтақ жері, табиғи байлықтары, көпұлтты халқының татулығы мен ынтымағы жайлы мазмұнды мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің маңызы кеңінен түсіндірілді.



