«Адал еңбек – ар тазалығы» ойталқы өтті.
30 сәуір күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал еңбек – ар тазалығы» ойталқы өтті.
Іс-шара барысында жастар сыбайлас жемқорлықпен күрес әр азаматтың міндеті екенін атап өтіп, адал қоғам қалыптастыруға өз үлестерін қосу керектігін түсінді.
Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, адал еңбек пен таза ниеттің қоғамдағы маңыздылығын талқылады.


