«Салтым – санам, дәстүрім – дәулетім» атты библиошар өткізілді.

30 сәуір күні Оразалы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектептің 7-сынып оқушыларының қатысуымен «Салтым – санам, дәстүрім – дәулетім» атты библиошар өткізілді.

Шара барысында кітапханашы оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы кеңінен таныстырып, олардың тәрбиелік мәніне тоқталды. Оқушылар қойылған сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.