«Ынтымақ,бірлік ,келісім-ең басты байлық ел үшін!» тақырыбын әдеби-музыкалық кеш өткізілді.

30 сәуір күні Бірлікүстем ауылдық кітапханашысы мен Бірлікүстем ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналып ««Ынтымақ,бірлік ,келісім-ең басты байлық ел үшін!» тақырыбын әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Кеш барысында кітапханашы көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігі туралы,әр халықтың өнері, оның рухани байлығы бар,өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеу туралы да қысқаша баяндама жасады.

Қатысушы оқырмандар Қазақстанға, өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін өлең жолдары арқылы білдірді.Кешке қатысушылар түрлі ұлт өкілдерінің билерімен көрермендерді тәнті етті. Дүйсенқұл Нұрайлым «Елім барда Егемен»,Төлебек Мұқан «Отан» өлеңдерінен үзінділер оқыды.