«Жамбыл Жабаев – халық ақыны» дөңгелек үстел өтті.

29 сәуір күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жамбыл Жабаев – халық ақыны» дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліп, қатысушылар ақынның шығармаларын талқылап, оның мұрасы жайында өз ойларымен бөлісті.