«Ынтымақ бірлік,келісім ең басты байлық ел үшін» алғыс айту сағаты өткізілді.

29 сәуір күні Сауытбек ауылдық кітапханасында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Ынтымақ бірлік,келісім ең басты байлық ел үшін» алғыс айту сағаты өткізілді.

Кітапханашы әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге шақырды. Аталмыш шарада Абылайхан Аділет «Менің Қазақстаным», Қасымқан Ақтілек «Достық күні», Секербек Раяна «Байтақ жерім» атты ақындардың өлең жолдарын мәнерлеп оқып берді.