«Қазақ музыкасының алыбы» атты өнер сағаты өтті.

29 сәуір күні Оразалы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай «Қазақ музыкасының алыбы» атты өнер сағаты өтті.

Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларды Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, оның қазақ музыка өнеріне қосқан зор үлесі туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, күй тартып, белсенділік танытты.