«Қазақ мәдениетінің жарық жұлдызы» атты танымдық сағат ұйымдастырылды.
28 сәуір күні Абай ауылдық кітапханасында көрнекті ғалым, композитор, музыка зерттеушісі, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына орай «Қазақ мәдениетінің жарық жұлдызы» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылық жолын таныстыру, оның қазақ музыка өнеріне қосқан зор үлесін насихаттау, ұлттық мәдениетке деген құрмет сезімін арттыру.
Танымдық сағат барысында қатысушыларға Ахмет Жұбановтың қазақ музыкасын зерттеудегі еңбектері, халық күйлері мен әндерін жинақтап, жүйелеудегі рөлі, сондай-ақ кәсіби қазақ музыка өнерінің қалыптасуына қосқан үлесі туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, оның шығармалары мен шәкірттері жайлы деректер айтылып, қазақ мәдениетінің дамуына сіңірген еңбегі кеңінен таныстырылды.



