«Өнерлі өрге жүзер» ақпараттық сағат өткізілді.

28 сәуір күні Далақайнар ауылдық кітапханасында қазақ музыкасын зерттеуші ғалым, композитор, қазақтың тұңғыш дирижері, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай «Өнерлі өрге жүзер» ақпараттық сағат өткізілді.

Шара барсында кітапханашы оқырмандарға Ахмет Жұбановтың өмірбаяны мен композиторлық шығармашылығына тоқталып,1968 жылы «Замана бұлбұлы» атты кітабы үшін Ахмет Жұбанов Қазақ ССР Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығына ие болғаны туралы ақпарат беріп өтті.