«Ұлы достық аясында – жұлдызды қазына» танымдық іс-шара өткізді.

27 сәуір күні Еңбекші ауылдық кітапханасының қызметкері Еңбекші орта мектебінің 5 және 9 сынып оқушыларымен «Ұлы достық аясында – жұлдызды қазына» танымдық іс-шара өткізді.

Шараның мақсаты:көпұлтты Қазақстан Республикасындағы халықтар достығын насихаттау, ел бірлігінің маңызын түсіндіру. Кездесу барысында оқушылар әр халықтың өнері мен рухани байлығы туралы мағлұмат алып, түрлі мәдениеттермен танысты.

Іс-шара жас ұрпақтың өз ұлтының тілін, дінін құрметтей отырып, өзге ұлттардың да рухани құндылықтарын сыйлауға, оларды бағалай білуге тәрбиелеуге бағытталды.