«Адамзат тарихындағы ең ірі ядролық трагедия» пресс-стол өтті.
27 сәуір күні орталық кітапхананың Білім орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Адамзат тарихындағы ең ірі ядролық трагедия» пресс-стол өтті.
Шара барысында кітапханашы апаттың негізгі себептері техникалық ақаулар мен қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы екенін атап өтті. Радиоактивті бұлт көптеген елдерге таралып, экология мен адам денсаулығына зор зиян келтіргені, мыңдаған адамның өз үйлерін тастап көшуге мәжбүр болғаны айтылды.


