«Нашақорлық – ғасыр дерті» тәрбие сағаты өтті.

24 сәуір күні балалар мен жасөспірімдер кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Нашақорлық – ғасыр дерті» тәрбие сағаты өтті.

Іс-шара барысында оқушыларға нашақорлықтың қаншалықты зиянды әрі өмірге қауіпті екені түсіндірілді.

Мақсаты: маскүнемдік пен нашақорлықтың аса қауіпті екенін насихаттау, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу.