«Жыр алыбы – Жамбыл» танымдық кеш ұйымдастырылды.

23 сәуір күні Белбасар ауылдық кітапханасында «Ел болып оқимыз» жобасы аясында «Жыр алыбы – Жамбыл» танымдық кеш ұйымдастырылды. Бұл тағылымды шара қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыруға бағытталды.

Кештің басты мақсаты:оқушыларға ақынның жырлары арқылы ел бірлігі мен отансүйгіштік рухты дәріптеу, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру. Шара барысында қатысушылар ақынның өмір жолымен танысып, оның өлеңдерін мәнерлеп оқып, рухани әсер алды.